30
қар.

Jas Otan-ның V съезі өтеді

«Jas Otan- ның V  съезі өтеді. Бұл туралы Jas Otan- ның жетекшісі Елнұр Бейсенбаев хабарлады.

Жаңа апта жемісті болсын, Достар!

Желтоқсан айы да келіп қалды. Барлығы, әдеттегідей, жылды қорытындылап, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басуға дайындалады.

«Jas Otan»-ның да 2 жылдық жұмысын қорытындылайтын уақыт келді. Осыған орай, Жастар қанатының Орталық кеңесінің отырысы онлайн форматта өткізіліп, «Jas Otan» V съезін шақырту бойынша шешім қабылданды.

Аталған съезде 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы және «Jas Otan» Жастар қанатының 2-жылдық жұмысы қорытындылады. Сонымен қатар, ұйымның одан әрі қызметінің жаңа векторы анықталатын болады»,- деп жазды Елнұр Сабыржанұлы.