Жастар-Отанға!

2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді. Қазақстан аймақтары бойынша жалпы бір жарым миллион жас қамтылды. Республика бойынша жастардың әртүрлі топтарымен 150-ден астам кездесу өткізілді, олардың нәтижесінде 3 000-нан астам нақты ұсыныстар сараланып алынды. Аталаған бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында облыстық, қалалық және аудандық Жол карталары әзірленді. Жол карталарының жобасымен келесі сілтеме бойынша жүктеп танысуға болады.

АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАЛАРЫ

«Азаматтық белсенділік»

ел мен қоғамды дамыту мәселелеріне жастардың етене араласуын арттыру. Міндеттер ретінде жастардың елдің саяси өміріне қатысуын жандандыру, волонтерлік қызметті қолдау, жастар мен студенттік ұйымдарды дамыту.

Қатарымызға қосыл!