25
қаң.

«Jas Otan» Орталық Кеңесінің отырысы өтті

22 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлының төрағалығымен «Jas Otan» Жастар қанаты Орталық Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында бір жылдық жұмыс қорытындыланып, жаңа жетекші сайланды, сондай-ақ Жастар қанатының алға қойылған мақсаттары мен міндеттері белгіленді.

Айта кету керек, Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен, «Jas Otan» жаңадан сайланған төрағасы Нұржан Жетпісбаев болды.

Нұржан Жетпісбаев «Jas Otan»-да  10 жылдан астам жұмыс істеді, оның ішінде алты жыл - Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болды. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасын басқарды. Осы уақытқа дейін Теміртау әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Бұған дейін «Jas Otan» жетекшісі қызметін Елнұр Бейсенбаев атқарды. Қазіргі уақытта ол ҚР Мәжілісінің депутаты.


 «Jas Otan» жаңа басшылығы мен жас депутаттық корпустың алдында 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы аясында республикалық және 216 өңірлік жол карталарын бекіту, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар саясаты туралы» жаңа заң әзірлеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру міндеттері тұрғандығын Бауыржан Байбек атап өтті.