16
жел.

10 мыңнан астам жасотандықтар Тәуелсіздік батырларына құрмет көрсетті

Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам жасотандықтар Тәуелсіздік батырларына құрмет көрсетіп, тағзым етті. «Jas Otan» белсенділері еліміздің барлық қала орталықтарындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.

«Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өзінің таяудағы құттықтауында атап өткендей, 29 жыл бұрын Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін біз ата-бабаларымыздың көпғасырлық арманын орындадық.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстанның алдында бірқатар жаңа ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Біз берік іргетастары мен прогрессивтік құндылықтары бар экономикалық қуатты, әлеуметтік әділетті және ашық қоғам құрудамыз. Біз дәйекті реформалар мен сапалы қайта құрулар жолымен келеміз. Бұл саясат жалғасады.

Осылайша, мереке құрметіне Алматыда 500-ден астам жасотандықтар 1986 жылы желтоқсанда республика алаңында қаза тапқандарды еске алды.

«Jas Otan» төрағасы Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, бүгінгі акция аға ұрпаққа олардың ерлігі үшін қаншалықты ризашылығымыздың аз ғана бөлігін көрсетеді.

«Тәуелсіздік аспаннан құлаған жоқ, ол азаппен келген дүние. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Махамеджанова, Ләззат Асанова және басқа да қазақ ұлтының ұлы батырларының есімдері ешқашан халық есінен шықпайды. Біз осындай айтулы оқиғалардың өзегіне айналған осы ерекше күнді, атап айтқанда Алматыда өткізуді өзіміздің парызымыз деп санаймыз», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кету керек, акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қатаң сәйкестікте өтті, қатысушылар маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтады.