23
окт.

СТУДЕНЧЕСКИЕ ОБЩЕЖИТИЯ ПРОХОДЯТ ПРОВЕРКУ

Ағымдағы жылдың ақпан айында жасотандық белсенділер еліміздің барлық облыстарындағы 270-тен астам ЖОО мен 375 колледждердін жатақханаларын тексерді.

Мониторинг нәтижесінде 60-тан астам жатақханада түрлі кемшіліктер анықталды. Олардың арасында жиі кездесетін санитарлық нормалардың сақталмауы, өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуы, жатақханалардағы бөлмелердің шамадан тыс жүктелуі.

«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, қазіргі жағдайда студенттердің онлайн форматта білім алып жатқанына қарамастан, жатақханаға қатысты проблемалар өз өзектілігін жойған жоқ.

«Арман қуып келген ауыл жастарына жатақханалар-екінші үй. Сондықтан шәкірттердің қолайлы өмір сүруі үшін ең жақсы жағдай жасалуы керек. Студенттік үйінде проблемалары бар кез-келген студент бізге хабарласа алады. Сондай — ақ, студенттердің арасынан жас көшбасшыларды осы акцияға қатысуға шақырамын», - деп мәлімдеді Елнұр Бейсенбаев.

Тексерулердің бірінші легі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Ақмола облыстарында өтті.

Жылдың басында бастау алған мониторинг жұмысы өз нәтижелерін беруде.


Мәселен, өткен жылы Ақтау қаласындағы Х. Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжінің № 5 жатақханасында бірқатар кемшіліктер анықталып, ескерту берілген. Биылғы оқу жылы «Жол картасы» аясында аталған нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп, жатақхананың материалдық қоры жаңартылды. Жөнделген жатақхана қазір вай-фай, бақылау камералары, кір жуатын бөлмелер, оқу және демалыс бөлмелері бар. Сондай-ақ мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында жергілікті кәсіпкер Гусейнов Шамшадин бос қалған жатақхананы жөндеп, студенттерге жаңа 180 орын ұсынды. Нысан иесі жақын арада жатақхана алдында студенттерге арналған спорт залын салуды жоспарлап отыр. Бірақ жер учаскесінің құжаттарымен мәселе туындап тұр. Нысан иесі жауапты адамдардан бұл мәселені шешуге жәрдем сұрауда.

Жатақханаларға мониторинг еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын тауып, қазан айынын соңына дейін созылады.

Прошедший в начале года мониторинг общежитий уже начал давать свои плоды. Так, к примеру, в прошлом году ряд замечаний и недочетов были выявлены в общежитий №5 политехнического колледжа имени Х. Узбекгалиева в г. Актау. Однако, уже в этом году в рамках «Дорожной карты» в данном объекте был произведен капитальный ремонт, обновлен материальный фонд общежития. В отремонтированном общежитий теперь есть вай-фай, камеры наблюдения, прачечные, залы для учебы и отдыха. Также в рамках ГКЧП местный предприниматель Гусейнов Шамшадин отремонтировал общежитие и предоставил 180 мест для студентов. Владелец объекта в ближайшее время планирует построить перед общежитием спортивный зал для студентов. Но документы земельного участка оказались неправильными. Владелец объекта просит ответственные лица решить этот вопрос.

Нынешний мониторинг общежитий продлится до конца октября и охватит все регионы страны.