12
там.

Халықаралық жастар күніне орай, Батыс Қазақстан облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты филиалы ұйымдастыруымен Шыңғырлау жастары арасында волейболдан жарыс өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық жастар күніне орай, Батыс Қазақстан облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты филиалы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шыңғырлау жастары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Карантиндік талаптарға сай өткен ойын көрерменсіз өткізілсе де, өте тартысты әрі қызықты өтті.

Жергілікті жеке кәсіпкер Серікбай Салменовтың қолдауымен өткізілген шараға 6 команда қатысып, жоғарғы деңгейдегі ойынды көрсете білді.


Тартысты ойын нәтижесінде «БЖСМ оқушылары» командасы жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Эмоцияға толы қызықты ойында қарсыластарынан сәл кем түскен «БЖСМ» командасы ІІ орынға жайғасты. Жарыс нәтижесінде «Жастар ресурстық орталығының» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді.

Ойын барысында команда қатысушыларының арасында үздік өнер көрсетіп, көзге түскендер арнайы номинациялармен марапатталды. Атап өтетін болсақ, Динара Равгалиева «Үздік қорғаушы» номинациясына, Аида Кенжегарина «Үздік байланыстырушы» номинациясына, Нұрлан Бижанов «Үздік шабуылшы» номинациясына, Нұрберген Жақсылықов «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай ұтыстар табысталды.