12
там.

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Қызылорда облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты филиалы өңірдің өркендеуіне үлес қосқан әртүрлі саланың жас мамандарын марапаттады

Салтанатты жиынға пандемия кезінде еңбек еткен медицина қызметкерлері, мектептің жас мамандары облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері, төтенше жағдайлар басқармасының маманы, БАҚ және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Жарылқасынов сөз алып, жастарды мерекемен құттықтады.

Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне барлық мүмкіндік жасалған. Бүгінгі таңда Сыр жастары жастарға қатысты мәселерді ашық талқылап, шешу механизімдерін ұсынып келеді. «Nur Otan» партиясының «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» сайлауалды бағдарламасында да жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шара қамтылған. Әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде 12 тамыз - Халықаралық жастар күні ретінде белгіленді. Осыған орай, барлық жігері мен жалыны жанып тұрған жастарымызды мерекемен құттықтай келе, зор денсаулық, кемел келешек тілеймін – деді А.Жарылқасынов.



«Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен биыл «Жұмысшы жастармен жұмыс» жобасы іске қосылды. Мен осы жобаның шараларына тұрақты түрде қатысып келемін. Біз үшін бұл түрлі саланың жастарымен танысып, идеямызды жүзеге асыратын алаңға айналды. Бүгінгі алған марапатым маған екі есе жігер сыйлағандай. Бойымызда жалын барда қызмет етуге дайынбыз – дейді №198 орта мектебінің жас мұғалімі Келімбетов Жасұлан.

Жиын соңында белсенді жастарды «Jas Otan» Жастар қанаты қатарына қабылдап, алғыс хаттар мен төсбелгілерді табыстады.