10
нау.

Елордалық жастармен кездесу

 «Jas Otan» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев және елорда мәслихатының жас депутаттары жастармен кездесті.
Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды және 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламалардың жүзеге асуы талқыланды.
Жасотандықтардың жетекшісі Нұр-Сұлтан қаласының жол картасында көрсетілген басты индикаторлар жайында нақтылап айтып кетті.


Атап айтсақ:
  • 10 мың орындық жатақхана құрылысы;
  • волонтерлар санын 3 есеге көбейту;
  • жастарға арналған қалалық «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының  іске қосылуы;
  • педагогикалық мамандықтар бойынша 800 білім беру гранттарының бөлінуі;
  • 3000 жасты кәсіпкерлік негізіне оқыту және т.б.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді сапалы іске асыру ҚР Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірге жүзеге асатын болады.
Одан бөлек, кездесу барысында барлық 616 депутаттармен бірлесе жұмыс жасау мәселесі  талқыланды.Елордалық жастармен кездесу