05
сәу.

Жұмысшы жастар арасыныда турнир өткізілді

 Сәуір айының алғашқы сенбісінде «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен жұмысшы жастар арасында кибер ойындары және үстел теннисі бойынша турнир өткізілді.

Турнирдің мақсаты – жастар арасында бос уақытты тиімді пайдалану, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, пікір алмасу, танысу.

Кездесуге «Jusan bank» АҚ облыстық филиалы, «Мечта», «Еврика» сауда орындары, сондай-ақ, орта және шағын кәсіп орындарында жұмыс жасайтын 30-ға жуық жас қатысты.

«Уақытымыздың басым бөлігі жұмыс орнында өтеді. Сондықтанда болар, хоббимен айналысып, бой сергітуге арнайы уақыт таппай жатамыз. «Жұмысшы жастармен жұмыс» жобасы аясында өткізілетін шараларда жаңа достар тауып, уақытты тиімді пайдаланамын. Турнир қызықты әрі тартысты өтті. Алдаға уақытта шараларға тұрақты түрде қатысып тұрамын деген ойдамын - дейді турнирге қатысушы Келимбетов Жасұлан.

Турнир соңында жеңімпаздарға «Jas Otan» ЖҚ имидждік киімі және дипломдар табысталды.

Айта кетейік, шара барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.