01
жел.

«Елбасы және Маңғыстау»

«Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында жастар арасында кездесу өтті. Кездесуге белсенді жастар, студенттер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушысыда Н.А. Назарбаев, себебі оның еңбегі өте зор.

Шара барысында Елбасы өмірі туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.

«Өз басым Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен 2016 жылы жастар форумында Нұр-Сұлтан қаласында кездестім. Елбасы форум аяқталғасын арнайы өңірлерден келген жастармен кездесіп, пікір алмасты. Елбасымыз «Әбіштің өңірінен іні-қарындастарымыз келген екен» деген сөзі бізге үлкен жігер берді. Елімізді ел болып қалыптастуда Елбасының еңбегі ерен. Біз өскелең ұрпақ Елбасының атқарған еңбегін бағалаймыз»,- дейді «Jas Otan» Жастар қанаты МОФ төрағасы Н.С. Мағдатов.

«Бүгін өңірдегі белсенді жастармен Елбасы еңбегі туралы пікір алмастық. Елбасының өмір жолы туралы арнайы бейнеролик тамашалап, қиын жағдайдан шыққан мемлекетті қалыптастырған ерен еңбекті көрдік»,- деп өз ойын білдірді шараға қатысушы, белсенді жас Исахан Жәнібек.