16
ақп.

Балалардың демалысын ұйымдастыру

Бақытты балалық шақ
Батысқазақстандық жасотандықтар «Светлячок» туристтік орталығында Тасқала ауданының 6 ауылынан келген 85 бала үшін қыстық мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.⠀
Іс-шара көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ұйымдастырылды. Іс-шарада балаларды қызықтырған мультфильм кейіпкерлері де болды.

Жалпы бұл акция өңірде осымен 5-рет өткізіліп отыр. Шараның ұйымдастырылуына батысқазақстандық жасотандықтар, «Nur Otan» партиясының жас депутаттары, 
полиция департаменті мен ММА федерациясының өкілдері және облыстың еріктілері ұйытқы болды.⠀
Сондай-ақ оқушылар үшін барлық ойын алаңдары тегін жұмыс істеп, тәттілер ұсынылды.