17
ақп.

«Ардагерлерді ардақтайық»

Шымкент қалалық жасотандықтары «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Абдинуров Сарсен қарияның шаңырағында болды.⠀
Абдинуров Сарсен 1922 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Ардагеріміз 2 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсіріп, 5 немере 1 шөберені сүйіп отыр.
Іс-шара барысында жастар қарияның ауласын ретке келтіруге қолғабыс етті. Сонымен қатар, ардагерге дәрі-дәрмек және азық-түлік жәшігі табысталды.⠀
Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерліктеріңіз бен батылдықтарыңыз үшін қанша алғыс айтсақ та, көп болмайды.