15
қаз.

Жамбыл облысында «Дүйсенбілік футбол» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен базар жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» турнир ұйымдастырылуда. Турнир республиканың 5 қаласында өтіп жатыр, атап айтар болсақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында.

Мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасындағы ішімдік, шылым, нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу және спортпен жүйелі түрде айналысуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, базар жастарының арасында достық қарым қатынасты нығайту.

Жарысқа қаладағы базармен сауда орындарынан барлығы 16 топ қатысып жатыр. Ауыл Береке, Гранд Базар, Қайқармет, Автотауар, Орталық, Жібек жолы, Автобазар, Автогид, Корзинка, Фиркан және Айрылмас сауда кешендерінің командалары. «Дүйсенбілік футбол» турнирінің жеребесі тартылып, командалар төрт-төрттен «А», «В», «С» және «Д» тобына бөлініп, 21 қыркүйек күні «Тараз-Арена» спорт кешенінің футбол алаңында турнир басталды. Жартылай финалдық ойындарға «Орталық базар», «Ауыл Береке-2», «Қайқармет» және «Гранд Базар» топтары шықты.

Жеребе арқылы «Қайқармет» «Ауыл Береке-2» тобына қарсы түссе, «Орталық базар» тобы «Гранд базармен» финалға таласты. «Қайқармет» команда алғашқы таймда қарсыластардың қақпасына жауапсыз 3 гол салды. Екінші тайымда Ауыл береке жастары 2 голмен жауап қатты, алайда жеңіс Қайқармет жастарының уысында кетті. Жартылай финалдың екінші кездесуі өте тартысты өтті. «Орталық базар» мен «Гранд базар» жастары 1 таймда екі голдан соғып тең есепті ұстады. Екінші тайымда қатарынан 2 гол соққан орталық базар жастары 2 гол алға шығып басымдыққа ие болды

Тай мның соңғы минутында қарсылас команда ерлік жасап есепті теңестіріп кетті. Нәтижесінде ойын пеналтиге дейін барды. Сонда да орталықтың жігіттері мықты екендігін дәлелдеп финалға жолдама алды. Сонымен финалда «Орталық базар» мен «Қайқарметтің» жігіттері өзара бақ сынасты. Тартысты өткен турнирде 3-1 мен Қайқарметтің жастары 1 орынды иеленді. «Орталық базардың» жастары 2 орынды місе тұтты. 3 орынды Гранд базардың жастары алды. Сонымен қатар 3 үздік шабуылшы, 3 үздік қорғаушы, 3 үздік қақпашы номинациялары табысталды.


Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды. 

1 орын – «Қайқармет» тобы – 300 мың теңге, 

2 орын – «Орталық базар» тобы – 200 мың теңге. 

3орын – «Гранд базар» тобы - 100 мың теңге. 

Победители получили денежные призы.

1 место - группа «Кайкармет» - 300 тысяч тенге.

2 место - группа «Центральный рынок» - 200 тысяч тенге. 

3 место - группа «Гранд Базар» - 100 тысяч тенге.