03
қыр.

Қызылорда облыстық «Jas Otan» ЖҚ филиалы студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді

«Jas Otan» Жастар қанаты студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жүргізіп келеді.

Мониторинг жүргізудің мақсаты – қазіргі эпидемиялық ахуалға байланысты оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерді анықтап, оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар беру болып табылады.

Қызылорда қаласында 2 жоғарғы оқу орны, 17 арнаулы орта білім беру ұйымдары және оларға қарасты 10 студенттік жатақхана бар.

Облыстық «Jas Otan» ЖҚ жанынан құрылған мобильді топ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Болашақ» университеті, сондай-ақ, колледждердің жатақханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мобильді топтың құрамында қалалық мәслихат депутаты, Ұлт денсаулығы мәселелері және білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес төрайымы Мұсаева Гүлшат Исақызы, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының маманы Д.Кенжалиев, «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы М.Жорабек, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Г. Айдарбекова және жастар ұйымдарының өкілдері болды.

Мониторинг нәтижесін қорытындылау мақсатында мобильді топтың отырысы өткізілді. Талқылау барысында аналитикалық талдау жасалып, оқу орындарының басшыларына және құзырлы органдарға ұсыныс хаттар жолданды.