«Чистая сессия» акциясы

Мақсаты: еліміздегі жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, жастарды құқықбұзушылыққа жол бермеу қағидасымен бойынша тәрбиелеу.

Жыл сайын ЖОО-да «Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша анонимдік сауалнама жүргізіледі. Сауалнама сессияны тапсыру кезінде барлық жоғары оқу орындарында өткізіледі.

2019/2020 оқу жылында акция 30 мемлекеттік, 11 ұлттық және 64 акционерлік және жеке жоғары оқу орындарында өткізілді. Сауалнамаға барлығы 30 мыңнан астам студент қатысты. Акция нәтижесі бойынша ЖОО-да сыбайлас жемқорлықты жою бойынша ҚР БҒМ ұсынымдар берілді.

Қатарымызға қосыл!