«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес

Тұңғыш Президент - Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы жанынан Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңес құрылды.

Мақсаты: «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының «Болашағына сенімді жастар» бағыты бойынша, сондай-ақ, 2025 жылға дейінгі жастарды қолдауға бағытталған «Жастар – Отанға!» бағдарламасын тиімді іске асыру.

Республикалық қоғамдық кеңес құрамы 28 адамнан тұрады, олар: Парламент мәжілісі мен мәслихаты депутаттары, партияның белсенді мүшелері, жастар ұйымдары өкілдері, эксперттер, праймериз қатысушылары мен жеңімпаздары және партияның кадрлық резерв мүшелері. Сонымен қатар, өңірлерде де 216 аймақтық жастар кеңесі құрылып, жергілікті жастар мәселелері бойынша жұмыс жасайтын болады.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңес төрағалары

Қатарымызға қосыл!