Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету мақсатында #BizBirgemiz акциясы жүзеге асырылды
19 наурыздан бастап соңғы үш ай ішінде #BizBirgemiz жалпыұлттық акциясы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 100 мың отбасыға 5 миллион медициналық маска таратылды. Бүкіл ел бойынша 300 мыңнан астам мұқтаж адамға азық-түлік себеттері мен гигиеналық жабдықтар таратылды және 3 000-ға жуық қарт адам ТЖ режимінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілді,
Ел бойынша акция жұмысына 5 000-нан астам ерікті мен белсенді қазақстандықтар жұмылдырылды,