15
ақп.

«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау»

«Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» жобасы аясында «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжінің білім алушылары тәтті тоқаштар мен торт пісіріп, жалғыз басты қарттарға тарту етті.
Шараның бсты мақсаты - студенттердің жұмыс күші мен кәсіпкерлердің колдауын біріктіре отырып, көмекке мұқтаж жандардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.


Айта кетейік, «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжін тәмамдаған жас мамандарға сұраныс көп. Бүгінде мұнда 442 студент 7 мамандық бойынша білім алады.
Оқу орны білікті де, тәжірибелі оқытушылардан жасақталған.  Болашақ мамандар аталмыш оқу орнында теориялық біліммен қатар, практикалық тұрғыда терең білім алуда.