20
там.

Солтүстік Қазақстан облысына іссапар

Осы аптада Парламент Мәжілісінің депутаты Мади Ахметов пен «Jas Otan» жетекшісінің орынбасары Асылжан Бүркіталин Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барды.

Олар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусы және Тайынша ауданындағы үйлердің құрылысының барысымен, Петропавл электр техникалық зауытындағы жас мамандардың жұмыс орындарымен танысып, белсенді жастармен кездесті.⠀

Студент жастарға арналған корпусты салу бойынша жоба талапкерлерді тарту үшін маңызды демеу болып табылады.

Сондай-ақ бұл жобаға партияның сайлауалды бағдарламасында ерекше назар аударылған.⠀

Жаңа корпус құрылысы және оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу арқылы студенттер контингенті келесі жылдары 10 000 адамға жеткізу жоспарлануда.⠀

Оқу корпусы заманауи талаптарға сай, экологиялық және энергия үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып салынады.

Сондай-ақ, аталған ЖОО басшылығымен «Серпін» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Университетке 2014-2020 жылдары бағдарлама бойынша 1546 студент оқуға түскен. Бүгінгі таңда «Серпін» бағдарламасы бойынша 588 студент білім алуда. 2021-2022 оқу жылына олар үшін 549 грант бөлінді.

Жас депутаттар корпусымен, жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңес мүшелерімен және «Jas Otan» белсенділерімен кездесу барысында жас спортшыларды, мәдениет қайраткерлерін қолдау, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезіндегі кемшіліктерге назар аударып, өңірдегі проблемалар туралы сөз қозғады. Жастардың пікірінше, ең үлкен мәселе – тұрғын үй мәселесі. Олар облыста жастарға жалға берілетін пәтерлер немесе жатақханалар салу қажеттілігін атап өтті.

Зауытқа сапар барысында «Серпін» бағдарламасы бойынша орналасатын жас мамандардың еңбек жағдайымен танысты. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан түлектерге оқыту жүргізілуде.⠀

Кездесу барысында атап өтілгендей, зауыт жас мамандарды тартуды жоспарлап отыр. Бұл үшін жоғары оқу орындарының түлектері оқумен қатар практикадан өтіп, содан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беру үшін меморандум жасалады.⠀

Қазір нысанда 140 адам жұмыс істейді, осы жылдың соңына дейін мұнда 310 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Бұдан басқа, кадрларды тарту мәселесі персоналға арналған екі үй салу есебінен шешілетін болады. Бүгінде зауыт аумағында 40 пәтерлі бес қабатты үйді қалпына келтіру аяқталуда. Келесі жылы жұмысшыларға жаңа 9 қабатты үйден 104 пәтер бөлінеді.

Іссапардың соңғы нүктесі – Тайынша ауданындағы қоңыс аударушылардың жағдайымен танысу. Тұрғындар үйлердің сапасыз салынуына шағымданды.

Атап айтқанда, қоныс аударушылар салынған үйлердегі суық едендер, жарылған қабырғалар мен төбелер, сондай-ақ ағып жатқан шатырлар туралы айтты. Мәжіліс депутаты мәселенің шешімін жеке бақылауға алып, құрылыс салушылардан кемшіліктерді екі апта ішінде жоюды талап етті.

Жоғарыда аталған сұрақтардың барлығы «Jas Otan» Жастар қанатының және Жастарды қолдау бойынша кеңестін бақылауында болып, жақын арада шешілетін болады.