26
қыр.

Шымкент қаласында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өтті

«Jas Otan» Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «SPORTVILLA BESIKTAS» ойын-сауық кешенінде «KENES ORTALYGY» жобасы аясында Шымкент қаласының NEET санатына жататын жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өтті.

Шымкент жастары арасындағы салауатты өмір салтына бағытталған «Дүйсенбілік футбол» турниріне 12 команда қатысты.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 000 тг құрайды:
1 орынға 300 000 тг;
2 орынға 200 000 тг;
3 орынға 100 000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады. ⠀
Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары да қарастырылған.

Олимпиадалық жүйемен өтетін турнирге «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры демеушілік көрсетті.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық нормалар толықтай сақталды.