11
жел.

«Jas Otan» Жастар қанатының V Съезі


Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар бейнеконференция арқылы Қазақстанның ең үлкен жастар ұйымының «мерейтойлық» Съезіне қатысты.

Оның жұмысына жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, белгілі қазақстандық спортшылар және мәслихат депутаттары қатысты.

Сондай-ақ Съезд жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.

Съезд шеңберінде жас қатысушылар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асырудағы жастардың рөлін талқылады, 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын қабылдап, ұйымның жарғылық құжаттарына өзгерістерді бекітіп, Орталық Кеңестің жаңа құрамын сайлады.

Съезд аясында қабылданған «Жастар-Отанға!» - бұл партия мен «Jas Otan» - ды қайта жүктеу, жаһандану және жастарды дамытудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін нақты шаралар кешені.

Бағдарламаның ерекшелігі оның Жол карталарында жатыр, соның арқасында жастар еліміздің ең шалғай аудандарында да жақын арада не жасалынатынын біледі.

2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасында ұйымның жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталып қана қоймай, «Jas Otan» ЖҚ қызметі мен жетістіктеріне сапалы талдау жасалды.

Сонымен қатар, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев атқарылған жұмыстар мен ұйымның таяу болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев:

«2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламада біз жастарды жан-жақты дамытуды көздеп отырмыз. Бағдарламаның негізгі 5 бағытынан басқа, біз нақты бастамалар бойынша жұмыс істейміз. Біз Қазақстанда 12 тамызға Жастар күнін бекітуді, «Жас отбасы» және «Жас ғалым» ұғымдарын заңнамалық түрде бекітуді ұсынамыз. Әрине, бұл ұсыныстардың барлығы еліміздегі жастардың өмірін жақсартуға бағытталған».

20 жыл ішінде «Jas Otan» жастардың барлық санаттарының мүдделерін білдіретін және жас қазақстандықтардың ел игілігі үшін жан-жақты дамуы мен өзін-өзі көрсетуі үшін жағдай жасауды өзінің негізгі мақсаты етіп қойған қазақстандық жастардың локомотивіне айналды.

«Jas Otan» жұмыс істеген уақыт ішінде ұйым қатарында жас, табысты қоғам және саяси қайраткерлердің тұтас бір легі тәрбиеленді. Осылайша, жастар ұйымы көптеген жастардың өмір жолын дамытуға және анықтауға көмектесті.

Бүгінгі таңда «Jas Otan» Жастар қанатының қатарында 105 мыңнан астам жас бар. Ұйымның барлық 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары бар.

Өткен кезеңде «Jas Otan» «Кеңес орталығы», «Таза сессия», «Ардагерлерді ардақтайық», «Jaidarman», «Nurintech», «Jastar Alany», «Дүйсенбілік футбол», «Сәтті қадам», «Арман ағашы», «Jas Otan Cases», «Еркін пікір» және басқа да жобаларды іске асырды. Жобалар жаңа есімдер беріп, 3 миллионнан астам жастар үшін әлеует ашты, жетістіктер мен жаңа ашылулардың іргетасы болды.

Биыл Жастар қанатының 5000-нан астам еріктісі «Біз біргеміз» жалпы республикалық акциясына қатысты, сондай-ақ волонтерлер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шекккендерге көмек көрсетті. Өзінің тынымсыз және тқажырлы еңбегінің арқасында 3000-ға жуық волонтер Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген және қоғамның, бизнестің, ғылым мен спорттың, білімнің дамуына үлес қосқан заманауи, табысты, жас қазақстандықтар Съезге қатысушылармен өз жетістіктерінің рецептерімен бөлісті. «Jas Otan» ЖҚ съезінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабының жетекшісі Өміртай Амалбек, паратаннан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі Алиева Севда, жас педагог, химия пәнінің мұғалімі Телюқанов Жігер, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Смирнова Екатерина, «Агромашхолдинг KZ» компаниясының бірінші вице-президенті Шукижанова Динара, дәрігер резидент Тілеубек Нұридін және жас кәсіпкер Ералиев Мағжан сөз сөйледі.

Шара барысында ұйымның Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер қабылданды, Орталық Кеңестің және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.