30
қар.

Елбасының көшбасшылық жолы

Елімізде 2011 жылдан бері 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні атап өтілетіні белгілі. Осыған орай «Jas Otan» ЖҚ Елбасының салиқалы саясатын дәріптеуде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізіп келеді. Бүгін еліміздің әр өңірінде жасотандық белсенділер және жастар «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Аталған шара ZOOM платформасында онлайн форматта өтіп, бүкіл ел бойынша 1000-нан астам жастың басын біріктірді.

Елбасының дара жолы және еңбектерімен таныстыру, өмір жолынан үлгі ала отырып жастар бойында патриоттық сезімдерді оятуды жасотандықтар мақсат тұтты.

Жастар әр аймақта Елбасы жүріп өткен жол мен қызмет аясы жөнінде әңгіме өрбіп, жүздесу барысында құнды ақпараттармен бөлісіп, жастармен пікір алмасты.

«Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының жетекшісі Жанділдаев Бағдәулет жастардың қоғамдық-саяси көзқарасын және азамат ретінде ішкі мәдениеті қалыптасып келе жатқанын тілге тиек етті:

«Елбасымыздың көреген саясаты барлық жастарға үлгі болып отыр. Себебі, оның бастамасын тек біздің еліміз емес, әлемдік аренадағы саясаткерлер мойындайды. Тәуелсіздік жылдары көптеген елдер бейбітшілік пен тұрақтылықтың мысалы ретінде біздің елді таныды. Егемендікке қол жеткізгелі жеткен жетістіктерміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Оның барлығын жастар арасында дәріптеп, көрсете білуіміз керек. Болашағымыздың кілті – жастарда. Сол себепті олар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұсынан да хабардар болуы тиіс. Өз жерінің, елінің, халқының алғысына ие болған Елбасымызды біз де әрдайым қолдап, оның тұрақтылық пен бейбітшілік ұстанымының жалғасы болуымыз керек деп есептеймін».

Алматылық жасотандық Өміржан Аяулым:

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевт өз елінің азаматтары мен бүкіл әлем қоғамдастығын қазіргі заманғы ең табысты көшбасшылардың бірі ретінде мойындата алды және осы беделімен әлемдік саяси тарихқа мәңгі енеді. Біздің тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымастығы, демократия мен прогресс жолындағы үдеріс Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», - деп атап өтті.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент күні 1-желтоқсанда атап өтіліуінің себебі, атаулы датада елімізде алғашқы Президент сайлауы өткен болатын.

Бұл шара көпшілік үшін ұлт көшбасшысы жайлы мол мағлұмат алып, Тұңғыш Президент жұмысымен жақынырақ танысуға таптырмас мүмкіндік болды.