06
қаз.

Дебаттан республикалық турнир өтеді

Ағымдағы жылдың 16 мен 18 қазан аралығында Шымкент қ. тұңғыш рет британдық және американдық парламенттік форматта «Jas Otan» Жастар қанаты мен Республикалық пікірсайыс Федерациясының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған XVIII Республикалық пікірсайыс турнирі өтеді.

Пікірсайыс турнирінің негізгі мақсаты – жас белсенділер арасында шешендік өнер бойынша қоғамдық саясаткерлерді, пікірсайыс жүргізе алатын өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өз тобының қызығушылығын сауатты аргументтермен қорғай алатын жастарды қолдау.

Барлық ойындар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Үздік спикер Линкольн-Дуглас форматы бойынша анықталады.

05-12 қазан аралығында өңірлік іріктеуден өткен командалар Шымкент қаласында жүлделі орындарға бақ сынасады. Турнир спикерлерімен қоғамдағы ең өзекті тақырыптар талқыланатын болады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 000 000 теңге. 

Іріктеу ойындары қатысты барлық сұрақтар бойынша «Jas Otan» ЖҚ аймақтық филиалдарына хабарласа аласыздар.

Турнир ережесі