20
там.

Қарағанды облысында «АУЛА ФУТБОЛЫ ЛИГАСЫ – 2021» жеңімпаздары анықталды

«Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының 5-ші бағыты – ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУ. Осы орайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалы бірлесіп Қарағандыда шілде – тамыз айлары аралығында барлық тұрғын үй аулаларында 13-20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «Аула футболы Лигасы-2021» өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты- жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және аулаларда әуесқой футбол ойынын дамыту болып табылады.

Турнирге Қарағандының барлық аулаларынан 104 команда қатысып, 600-ден астам жас қамтылды.

Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен, ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сонымен қатар, ойын барысында «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары анықталды.

Турнир барлық карантиндік шектеулерді ескере отырып, көрермендерсіз, ашық ауада өтті.


2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

3 орын – «Голубые пруды» құрамасы

2 орын – «ФК Волвес» құрамасы

1 орын - «Жастар» құрамасы

2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

3 орын – «МФК Энерго» құрамасы

2 орын – «Жігер 2» құрамасы

1 орын - «Молния» құрамасы

2000-2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

3 орын – «Жігер 1» құрамасы

2 орын – «Жастар» құрамасы

1 орын – «АН Барбершоп» құрамасы