12
там.

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Қызылорда облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты филиалы өңірдің өркендеуіне үлес қосқан әртүрлі саланың жас мамандарын марапаттады

Салтанатты жиынға пандемия кезінде еңбек еткен медицина қызметкерлері, мектептің жас мамандары облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері, төтенше жағдайлар басқармасының маманы, БАҚ және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Жарылқасынов сөз алып, жастарды мерекемен құттықтады.

Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне барлық мүмкіндік жасалған. Бүгінгі таңда Сыр жастары жастарға қатысты мәселерді аш

12
там.

Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанаты , экологиялық тазалыққа шақыратын спорт түрі «плоггинг» өткізді.

Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының бастамасымен Волонтерлар лигасы, Жастар ресурстық орталығының еріктілері 12-тамыз Жастар күніне орай және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, экологиялық тазалыққа шақыратын спорт түрі «плоггинг» өткізді.

Аталмыш эко-акция Сайран көлінің жағалауында өтті. Эко-акцияға санитарлық нормаларды сақтай отыра БАҚ өкілдері, 50-ден астам ерікті қатысты. Олар акция барысында жылдамдыққа жұмыс жасады. Яғни, көлдің бастапқы жағалауынан бастап топ-топқа бөлініп, жүгіру арқылы қоқыстарды жинады.

Еліміздің өсуі мен өркендеуі жастарымыздың қолында. Ауқымды мәселел

29
мау.

Өскеменде «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында Жастарды қолдау облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Күн тәртібінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жоғары білімнің қол жетімділігі туралы «Білікті маман» жобасын іске асыру және жазғы кезеңде жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.Қайырғазинов атап өткендей, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған басқа шаралармен бірге соңғы үш жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы 3,8% -дан 2021 жылдың 1-тоқсанының с

28
мау.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі жас кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді тұстарын талқылады

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламаларын іске асырудың проблемалық тұстарын қарады.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтің айтуынша, соңғы 4 жылда «Бастау бизнес» жобасы бойынша 150 мыңнан астам адам оқып шыққан, алайда оның 30%-тен астамы ғана жеке бизнесін ашқан.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бағдарламаның қаржылық жағын ғана емес, оны жүзеге асыру тетіктерін де қайта қарау керек. Жоба түлектерінің 10%-і ғана несие, 19%-і грант алды. 100 мыңнан астам ад

17
мау.

Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелер жастарға арналған құрылыс нысандарын аралады

«Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету бойынша «Nur Otan» партиясының Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері елордалық жол картасының нақты тармақтарының орындалу барысымен танысты.

Атап айтқанда, Кеңес мүшелері – Парламент Мәжілісі «Nur Otan» фракциясының депутаттары, қоғам белсенділері мен жастар ұйымдарының көшбасшылары «Жастар» сарайында күрделі жөндеу жүргізу барысын тексеріп, әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысымен танысты.

Бірінші