02
қыр.

Жастармен Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауын талқылау өтті

Бүгін «Jas Otan» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев елордалық жастармен Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында айтқан мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты. ⠀ Мемлекет басшысының бастамалары негізінде жоспар құрып, оны қалай жүзеге асыру жайын талқылады. ⠀

«Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы әлемдік пандемия салдарынан туындаған қоғамдағы жағдайды жақсарту жолында маңызды қадамдардың бірі болды. ⠀

Президент көтерген бастамалары бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті болып табылатын мәселелерді қозғады. Олардың барлығы дерлік біздің өткен жылы қабылданған 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламамызда көрініс тапқан десем, қателеспеймін», - деп атап өтті жасотандықтардың жетекшісі. ⠀

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үшінші Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыруға, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамды топтастыруға бағытталған бірқатар бастамалар көрсетілген. ⠀

Жастар өз кезегінде, егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін тарихи құжат бізді жігерлендірді деген ой білдірді.