14
нау.

Жамбыл облысына іссапар

«Jas Otan» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев жұмыс сапарын 1000 жылдық тарихы бар Жамбыл облысында аяқтады.


Кездесу барлық деңгейдегі жас мәслихат депутаттарымен басталды. Жас депутаттар ортаға ашық ойларын тастап, өз кезектерінде ұсыныс-тілектерін білдірді. 
Атап айтсақ, қазіргі таңда өңірде жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Осы орайда, жұмыссыз жастарды қолдау мәселесі көтерілді. 
«Jas Otan» әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасында жастарды жұмыспен қамту нақты көрсетілген. Жамбыл облысында көрсетілген индикаторлар бойынша алдағы 5 жылда бұл мәселе шешімін табады.


Одан кейінгі кездесу М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінің белсенді жастарымен жалғасын тапты. Атаулы университет Тараз қаласының алдыңғы қатарлы оқу орны болып табылады. 
Студент жастар да өзекжарды пікірлерін ашық білдіре отырып, волонтер жастарды қолдау, жатақхана және шәкіртақы мәселесі сынды маңызды дүниелерге тоқталды. Айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер тиісінше шешіліп, оң нәтижесін береріне сеніміміз мол.