18
қаз.

Қызылорда қаласында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өз мәресіне жетті.

«Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Сейхун» ойын-сауық кешенінде базар және сауда орындарында жұмыс жасайтын жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өтті.

Үш аптаға созылған «Дүйсенбілік футбол» турниріне 16 команда бақ сынасты.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 000 тг құрайды:

1 орын "Ғибадат" тобы - 300 000 тг;

2 орын "Мирас” тобы - 200 000 тг;

3 орын "Сырдария” тобы - 100 000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. ⠀

Сонымен қатар турнирдің "Үздік ойыншы" , "Үздік қақпашы, "Үздік шабуылшы" номинациясы бойынша 9 ойыншыт арнайы кубок пен мадақтама қағазына ие болды.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық нормалар толықтай сақталды.