29
қыр.

Шығыс Қазақстан облысына іссапар

Жасотандықтардың жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Бүгін «О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана»-да «Jas Otan» аудандық және қалалық бөлімшелерінің басшыларымен және басқа жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу аясында 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының және осы облыстың жол карталараның жобалары талқыланды.

Содан кейін, Елнұр Бейсенбаев «Борис Щербаковтың Жасыл үйі» экологиялық жобасымен танысты. Өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге бағытталған жоба № 2 қалалық кітапхана негізінде жүзеге асырылуда.