27
там.

«JAS OTAN CASES» ЖАС КӨШБАСШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ТАРИХЫМЕН БӨЛІСТІ

Әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру және дамыту. Осындай ұранмен Нұр-Сұлтанда «Jas Otan Саѕеѕ» жастар сессиясы алаңында жария пікірталас өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша іс – шараның басты мақсаты - жастарға белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге, пікір және тәжірибе алмасуға көмектесу. Бұл Конституция Күні қарсаңында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойында ерекше маңызға ие болып отыр.

Сессия жұмысына Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, күрес бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы Нұрислам Санаев, ТВ-продюсер және қоғам қайраткері Алпамыс Шаримов, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров, сондай-ақ танымал фотограф Фархат Молдаш қатысты.

«Біздің бүгінгі қонақтарымыздың әрқайсысы өз саласында сөзсіз көшбасшы. Олар өздері еңбек жолдары туралы айтып, табысқа жетудің жеке рецептерімен бөліседі. Осы орайда біз Тәуелсіздігіміздің арқасында елге қызмет етіп, жасампаз ұлт атанғанымызды атап өткім келеді. Осы қысқа 30 жыл ішінде біздің жастар спортта, ғылымда, өнерде керемет жетістіктерге жетті. Жастардың дами алуы, өз таланттарын аша алу мүмкіндігі ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жасалды», - деп атап өтті «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы Эмин Әскеров айтып берді. Бизнеспен айналысып жүргеніне 6 жылдан астам болады. Қарапайым бизнес пен әлеуметтік кәсіпкерліктің айырмашылығы – табыстан бөлек белгілі бір әлеуметтік мәселені шешу қажет.

«Біз халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселесін шешеміз. Біз көмекке жүгінетін адамдарды тегін оқытамыз және жұмысқа орналастырамыз. Бұл жалғызбасты аналар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар. Сондай – ақ, денсаулығы нашар балаларды жұмысқа орналастырамыз», - деді кәсіпкер. Ол сондай-ақ барлық табысты кәсіпкерлерді біріктіретін екі негізгі қасиетті айтып өтті, бұл тәуекелге бару және бәрі ойдағыдай болады деген сенім.

Өз кезегінде Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, еркін күрес шебері Нұрислам Санаев өз пікірімен бөлісті.

«Спорт - бұл миллиондаған адамдардың эмоциясы мен шабыты, бұл бізге әлемді сыйлайтын күш. Сіз үш рет Олимпиада чемпионы болсаңыз да, халықтың қолдауы мен шынайы сүйіспеншілігінсіз жеңістің нағыз дәмін сезбейсіз. Халқымызда: «Өз әкеңнің ұлы ғана емес, халқыңның да ұлы бол дейді», – деді Нұрислам Санаев.