11
қар.

Еліміздің екі қаласында патриоттық автошеру өтті

Бүгін Ақтөбе мен Тараз қалаларында «Jas Otan» Жастар қанатының 20 жылдығына арналған патриоттық акция - автошеру өтті. Бұл акцияны екі қалада 70-тен астам адам қолдады.

Автоколонналардың құрамындағы жастар қалалардың ең маңызды көрікті жерлері мен басты көшелерін қамтыған маршрут бойынша жүріп өтті. Автошерудің ерекшелігі - әр көлікке бекітілген мемлекеттік жалаулар болды. Осылайша, жастар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, тұрғындардың патриоттық рухын нығайтуға өз үлестерін қосты.

«Jas Otan» ЖҚ Ақтөбе филиалының жетекшісі Асылжан Бүркіталин:

«Жақында әлеуметтік желілерде біздің туымызды қолдау акциясы өтті, ал біздің бүгінгі патриоттық автошеруміз осының қисынды жалғасы болды. Осындай іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтары үшін патриотизм рухын нығайту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру үшін өткізілетінін атап өткім келеді».

Барлық қатысушылар қажетті қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етіліп, карантиндік шараларға қатысты нұсқау берілді.