12
нау.

Алматы облысына іссапар

«Jas Otan» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев жұмыс сапарын Алматы облысында жалғастырды.
Облыстың Ұзынағаш және Шамалған ауылдарында болып, жас депутаттар, белсенді жастармен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтар мен мәселелерге тоқталды.


Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды және 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру, жастардың дамуына қолайлы жағдай жасау, ауыл жастарын қолдау сынды мәселелер.
Кездесу Елбасының сыныптасы Едіге Исатұлымен жалғасты. Ардагер Елбасымен мектеп қабырғасында өткізген қызықты естеліктерімен бөлісіп, еске алды.⠀


Алматы облысындағы соңғы нүкте Жамбыл ауылында орналасқан Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы болды. Нұржан Арғынұлы жастармен бірге мұражайда ақынның өмірбаянымен танысып, көзбен көріп қайтты.
Айта кетейік, биыл жыр алыбы Жамбылға – 175 жыл толды!