11
нау.

Алматы қаласына іссапар

«𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев Алматы қаласында жұмыс сапарымен болды. Бірінші кезекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры және студенттерімен кездесті. 
Жасотандықтардың көшбасшысы жатақхана құрылысының мәселесі «𝗡𝘂𝗿 𝗢𝘁𝗮𝗻» партиясы мен Жастар қанатының тікелей бақылауында болатынын айтып өтті.

Содан кейін Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, жастар ұйымдарының көшбасшылары  және жасотандықтармен кездесу өтті. Белсенділер  жастар саясатының дамуы, сонымен қатар партияның сайлауалды және 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жүзеге асуы талқыланды.

Одан бөлек, жасотандықтар Жансая Абдумаликтің Шахмат академиясында болып, ұйымның жұмысымен танысты.